Мектептегі тамақтану

Құрметті КММ «№7 жалпы орта білім беретін мектебі» оқушыларының ата-аналары!
Сіздерге 2026–2027 оқу жылына тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 1 тамыздан 25 тамызға дейін жүргізілетінін хабарлаймыз.
-Құжаттарды қабылдау күн сайын 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі.
-Түскі үзіліс: 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Құжаттарды №8 кабинетке тапсыру қажет:
-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Абилькасимова Ажар Жабаговна
(ұялы тел.: 8 702 597 52 02);
-әлеуметтік педагог Алиева Индира Сериковна
(ұялы тел.: 8 776 165 95 55)
Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтануды ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі.
Құжаттар тізімі:
- өтініш;
2) ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке сәйкестендіру үшін қажет);
4) некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;
5) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі:
а) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
б) жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін - алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
в) отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
г) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін - отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы орган айқындайды.
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.