Фото профиля school_7gk school_7gk 2020-2021 жаңа оқу жылында Көкшетау қаласының «№7орта мектеп» КММ –інде өткізілетін Алғашқы қоңырау 1-қыркүйек – Білім күніне арналған қашықтықтан онлайн салтанатты жиыны.

Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.
Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені
Мектеп директоры Тилеген Аманкелди ата-аналар, ұстаздар қауымы мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Құттықтау барысында 2020-2021 оқу жылының басталуы ерекше форматта басталып жатқаны жайлы айтып, жан-жақты тоқталып өтті.
Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын! Ақ жол сіздерге, мектеп оқушылары!
Алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндер 1 –сынып оқушылары мен 11 сынып оқушыларының мектепке деген ақ тілектері мен құттықтау сөздері тыңдалды.
Ұл-қызым деп ана ұйқы сан қашты,
Бесік тербеп күн мен түні алмасты.
Солар үшін алдағы үлкен өмірдің
Соғылады қоңырауы алғашқы ,- деп алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін мектебіміздің мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршінімізге жолданды.
#менүйдемін #ядома #бізбіргеміз #үйдеқалыңыз #үйдебол #уақыттытиімдіпайдалану #stopcovid #kokshetau #1қырқұйек #1сентября #kazakhstan #school_7gk @otdel_obrazovaniya_kokshe @aqmoedu @7162akimdigi