Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында ХХІІ Республикалық «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті. «Абай оқуларының» негізгі мақсаты – Абай Құнанбайұлы және Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Аталған облыстық байқауға Көкшетау қаласынан 6 оқушы қатысып, өз шығармашыл қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. 1. «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша І дәрежелі диплом - Төлеубай Райымбек, "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №7 жалпы білім беретін мектебі" КММ 8 "А" сынып оқушысы. Жетекшісі: қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Жаканова Сәуле Казикаримовна. Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестерден көріне берулеріңізге тілектеспіз!