Тарих және құқық негіздері онкүндігін өткізу аясында 2026 жылғы 20 қаңтарда «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Станционный кентінің белгілі тұрғыны, Ауған соғысының ардагері, интернационалист жауынгер Әбілқасымов Нұрбек Қоныспаевичпен «Тұлғамен сұхбат» атты тарихи подкаст өткізілді. Аталған іс-шараға 8–11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Нұрбек Қоныспаевичтің балалық шағы, қай мектепте оқығаны, қандай жоғары оқу орнын бітіргені, бала кездегі армандары, Ауғанстанда қай жылдары әскери қызмет атқарғаны, сондай-ақ армиядағы қызмет барысында жауынгерлік бауырластықтың қалай көрініс тапқаны туралы қызығушылықпен сұрақтар қойды. Іс-шараны ұйымдастырған тарих пәні мұғалімдері:Кабзульдинова Л.Е., Шәкім Л.Б.,Кожанов М.К.

Просмотров: 192


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу