10.02.2026 жылы №7 жалпы орта білім беретін мектебі базасында, Ақмола облысы білім басқармасы және Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі қолдауымен «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Рухани қазына – Адал азаматтың бейнесі» тақырыбында халық шығармашылығы байқауы өтті. Қосымша тақырып: «Мен – Тәуелсіз елдің ұрпағымын!». Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздар патриоттық әндер орындап, ұлттық билер билеп, «Адал азамат» тақырыбында тақпақтар оқыды. «Хас сұлу» ансамблінің бишілері, мектеп хоры және жеке орындаушылар өнер көрсетті. Кештің мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік, адалдық, жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру. Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге рухани әсер сыйлады. @aqmola.oblysy.adal_azamat @aqmoedu @bilim_bolimi_kokshetau #біртұтастәрбиебағдарламасы #Адалазамат
Просмотров: 226
