"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №7 жалпы білім беретін мектебі" КММ 5 "А" сыныбында "Достықты бағалайық" атты сынып сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты: достық туралы жақсы пікір қалыптастыру, оқушылардың достық туралы ой - пікірлерін дамыту, достықты қадірлей білуге тәрбиелеу; адал дос таба білуге баулу. Сынып жетекшісі: Жакимова Самал Олжабаевна.